Алматы коронавирустың төртінші толқынына дайындық жасап жатыр

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматыда жақын күндері індет жұқтырған 8 мыңнан астам адам ауруханаға түсуі мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуының алдын алу шаралары" атты баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

"Алматы қаласында 1730 төсек-орын дайындалған. Үш түрлі саты қарастырылып жатыр. Індет күшейсе, жұқтырған адамдардың саны 1200-1500-ға дейін артса, төсек-орындарды 7 мыңға дейін көтереміз. Бұл көрсеткіш 8-10 мыңға дейін жеткізілуі мүмкін. Жалпы, 8 мыңнан асады деп дайындалып жатырмыз", ­­- деді Нариман Табынбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров