БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 654 млрд теңге болды

Экспресс К

Фото ашық дерек көздерден алынды

Зейнетақы қорының инвестициялық табысы өткен жылдың бес айымен салыстырғанда 155 миллиард теңгеге немесе 31 пайызға артқан, деп хабарлайды ЭК.

Еліміздегі БЖЗҚ АҚ сайтының жазуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кіріс көрсеткіші жыл басынан бері 5,3%, ал инфляция 3,5% болып отыр. Соңғы 12 айда инфляция 7,2%, кіріс көлемі 11,7% өскен.

Барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс шамамен 5,3 трлн. теңге болды. 2021 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің таза инвестициялық табысы 36,1%-ды құрады.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алып қарасақ, таза инвестициялық табыс 6,2 триллион теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістің өсу қорытындысына сәйкес 640,01%-ды құрады. Ал, инфляция 517,53% болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров