Бейсен Құранбектің кітабы шықты

Ержан ШАЙЖАН

© Есболат АЙДАБОСЫН

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің «Парасат биігі» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ЭК.

Журналистер мерекесі қарсаңында шыққан кітапқа Бейсен Құранбектің спорт саласындағы сұхбаттары, мақалалары мен ой-толғамдары жинақталған. Оны белгілі журналист, жазушы Есболат Айдабосын құрастырып шығарды. Облыс әкімдігінің қолдауымен жарық көрген кітаптың тұсаукесері шілде айында өтеді деп жоспарлануда.

© Есболат АЙДАБОСЫН© Есболат АЙДАБОСЫН
© Есболат АЙДАБОСЫН

Айта кетейік, былтыр танымал тележүргізушінің құрметіне "Біздің Бейсен" деген кітап жарық көрген еді.

© Есболат АЙДАБОСЫН© Есболат АЙДАБОСЫН
© Есболат АЙДАБОСЫН

Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында ауыр дерттен көз жұмды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров