Қарағанды саябағында көмілген арыстанның иесі анықталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Қаланың орталық саябағында жерленген арыстанның иесі табылып, тергеу амалдары жүргізілуде, хабарлайды ЭК Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, арыстанның иесі — 45 жастағы қала тұрғыны. Ол жеке зообақ ұстаған. Енді оған қатысты жануарларға қатаң қарау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда істің сотқа жету-жетпеуі белгісіз. Ал сарапшылар жыртқыштың қалай өлгені туралы әлі нақты ештеңе айтқан жоқ.

Полиция қызметкерлері жануардың иесін анықтады, Ол 45 жастағы қала тұрғыны. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр,

дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда полиция жасағы қаланың орталық саябағында көмілген арыстанда тапқан еді. Тәртіп сақшылары бірден кезекші бөлімге хабарлады. Жедел тергеу тобы оқиға орнын зерттеп, жануардың мәйітін сараптамаға тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров