Бойжеткенді Бахрейнге сатқан әйелге қатысты сот үкімі шықты

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Шымкентте бойжеткен қызды Бахрейнге жыныстық қатынасқа пайдалану үшін алып кеткен шетелдікке көмектескен жергілікті әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабаралайды ЭК.

"Оған адам саудасымен айналысты деген айып тағылып, жаза кесілді. Айыпталушы 2019 жылдың наурызында өзгелермен алдын-ала сөз байласу арқылы әрекет етіп, жәбірленушіні Қазақстаннан Бахрейн Корольдігіне жыныстық қызмет көрсету мақсатында пайдалану үшін алдау арқылы 4000 АҚШ долларына сатқан", — деп мәлім етті әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сотта жәбірленуші Бахрейнге барған кезде өзін қонақүйлердің біріне жасырғанын, оның қозғалысын шектеп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін атап өтті.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сотталушының ақша қаражатын алғандығы туралы банктік шоттың үзіндісімен, телефон арқылы болған әңгімелерінің жазбасын тыңдау нәтижелерінде толық дәлелденді. Мамыр айының басында басталған сот процесінде жәбірленушінің адвокаты, сотталушы мен жәбірленуші тараптардың татуласқанын алға тартып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Судья айыпталушының өз қылмысына өкінетінін және жас балаларының болуын ескере отырып, оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сотталған әйел жазасын орташа дәрежелі қауіпсіздік мекемесінде өтеуі тиіс.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров