Түркістанда тіркелген пәтер ұрлығы 3 жылдан соң ашылды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Күдікті профилактикалық шаралар кезінде қолға түсті, деп хабарлайды ЭК.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Асықата кентінде осыдан үш жыл бұрын болған пәтер ұрлығын анықтады. Профилактикалық жұмыстар кезінде бөлімге жеткізілген азаматты тексерген тәртіп сақшылары оның пәтер ұрлығына қатысы бар екенін айтады.

Шардара ауданының тұрғыны жәбірленушіге 300 000 теңгеден астам шығын келтірген.

Тергеу барысында күдікті ұрлаған алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп, ақшасын қажеттілігіне жаратып жіберіпті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров