Ақтөбеде балаларға арналған "Автоқалашық" ашылды

Кәмшат ҚОПАЕВА

ПД баспасөз қызметі

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта ашылған "Автоқалашықта" балаларға жолда жүру ережесі үйретіледі, деп хабарлайды ЭК.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Көп жағдайда балалар жол ережесін білмейді. Белгіленбеген жерден өтеді, жолдың бойында ойнайды. Соның салдарынан жол апатына ұшырап жатады. Ал алаңды ашудағы мақсат — осындай олқылықтың алдын алу. Бұл жерге кез-келген қала тұрғыны балаларын әкеліп, жолда жүру ережесін үйретуіне болады. Аталған жобаны облыстық полиция департаменті мен қалалық әкімдік бірлесе жүзеге асырды.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Соңғы бес айда облыста балалардың қатысуымен 27 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарынан 22 бала түрлі дене жарақатын алып, бір бала көз жұмғандығын айта кету керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров