Метрода жойқын жарылыс болды

Қанат ЕСКЕНДІР

©️Reuters/Social MEDIA

Лондонның орталығындағы Elephant & Castle метро станциясында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды ЭК.

Daily Star басылымының жазуынша, жарылыс орнында 3 коммерциялық сауда дүкені, 4 жеңіл көлік және телефон дүңгіршегі өртке оранды. Жетпіске жуық өрт сөндіруші жұмылдырып, полиция қауіпсіздік шараларын жасап жатыр. Жергілікті билік тарапынан сол маңдағы тұрғындарға үйлерінен шықпау, есік-терезелерін мықтап жауып отыру тапсырылған.

Әзірге жарылыс себебі анықталған жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров