Қазақстан аспанын "Тор" қорғайды

Қанат ЕСКЕНДІР

ҚР ҚМ баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде Қарулы күштерге әуе шабуылынан қорғайтын жаңа "Тор-М2К" зениттік-зымыран кешенін жеткізу айтылды, деп хабарлайды ЭК.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте еліміздің қауіпсіздік шаралары қозғалып, отандық әскерді қайта жарақтандыру іс-қимылдары талқыланған. Жуырда жеткізілетін "Тор-М2К" зениттік-зымыран кешендері кез-келген үлгідегі ұшақтар мен тікұшақтарды, соның ішінде заманауи технологиямен жасалған оңай байқалмайтын ұшқышсыз аппараттарды, радиолокацияға қарсы және қанатты зымырандарды, жерден басқарылатын авиациялық бомбаларды жоюға қабілетті.

ҚР ҚМ баспасөз қызметіҚР ҚМ баспасөз қызметі
ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетсек, 2019-2020 жылдары Қазақстан әскерінің қару базасы Ресейдің "Бук" зениттік-зымыран кешендері, Белоруссияның "Роса" радиолокациялық станциялары, сондай-ақ еліміздің әуе шептерін қорғауда тұрған отандық "Нұр" РЛС кешендерімен қамтылған.

ҚР ҚМ баспасөз қызметіҚР ҚМ баспасөз қызметі
ҚР ҚМ баспасөз қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров