COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 421121 ЖАЗЫЛҒАНДАР 394039 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4336
©Reuters/Salyna BASHIR
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 321 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады сейсенбіде covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 1 мың 686 covid-19 оқиғасы расталды, 10 адам қайтыс болды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 421 мың 121 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 370,
Алматы қаласында — 126,
Шымкент қаласында — 33,
Ақмола облысында — 44,
Ақтөбе облысында — 10,
Алматы облысында — 43,
Атырау облысында — 66,
Шығыс Қазақстан облысында — 65,
Жамбыл облысында — 31,
Батыс Қазақстан облысында — 63,
Қарағанды облысында — 288,
Қостанай облысында — 45,
Қызылорда облысында — 17,
Маңғыстау облысында — 25,
Павлодар облысында — 45,
Солтүстік Қазақстан облысында — 15,
Түркістан облысында — 35.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 394 мың 039 адам емделді, оның ішінде 1 мың 262 адам соңғы тәулікте.
29 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 24 мың 22 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 22 мың 746 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 276 — теріс (КВИ-), стационарларда 7 мың 125 пациент, амбулаториялық емделуде 16 мың 897 пациент бар.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 485 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 104, ӨЖЖ аппаратында — 70", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінде.