Су бетіне өлі денелер қалқып шықты

Қанат ЕСКЕНДІР

Бейнеден кадр

Үнді халқы үшін қасиетті саналатын Ганга өзенінің жағалауына коронавирустан өлді делінген адамдардың мәйіттері қалқып шығып, жергілікті билікті әбігерге салып қойған, деп хабарлайды ЭК.

"Біз бұл мәйіттерге сарапатама жасамаймыз. Су шайып тастаған денелерді тек өртеп жатырмыз. Шамалауымызша, бұл маңда алты жүзге жуық адам жерленген болуы мүмкін. Қазір кремация кезінде мейілінше барлық талаптар сақталуда" дейді жергілікті шенеуніктер.

Euronews-тің хабарлауынша, бұл көктемде коронавирустан көз жұмған адамдардың мәйіті. Көптеген отбасылар өз салттарына сай өлікті өртеп жібере алмағаннан кейін, су жағасындағы жұмсақ топыраққа көмген болуы мүмкін немесе өртемей-ақ суға ағызып жіберген. Бұл кісілердің өлімі ресми тіркелмеген болуы да ықтимал.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров