Үндістанды коронавирустан да қауіпті дерт жайлап барады

Қанат ЕСКЕНДІР

©Reuters/Danish ISMAIL

Көктемнің соңғы айында Үндістанда басталған микурмикоза дертіне қазір 40 мың адам шалдығып, 3 мыңнан аса адам көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Ел аузында "қара зең" ("чёрная плесень") деген атпен белгілі бұл дерттен адамның ауыз, мұрын қуыстары зақымданып, безгек қысады, өкпе қабынып, миға шабады, көзден іріңді жас ағуы мүмкін. Әсіресе, коронавирусқа шалдыққан адамдардың бұл дерттен аман шығуы неғайбыл.

Бұл жаман ауруға 18-45 жас аралығындағылардың 32%-ы, 40-60 жас аралығындағылардың 45%-ы, ал жасы 60-тан асқандардың 24%-ы шалдыққан.

Бұл ауру шіріген жеміс-жидектерде, көңде кездесетін кәдуілгі зеңнің жануар арқылы адамға жұғуынан пайда болады. Кей ғалымдардың айтуынша, коронавирусқа қарсы жасалған ем-шаралар микурмикозаның өршіп кетуіне себеп болуы да мүмкін. Үнді дәрігерлері аузы-мұрнынан, көзінен іріңді су ағып келген науқастардың көзін, мұрнын кесіп алып тастап жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров