Әлем халқының 19,5 пайызына екпе салынды

Қанат ЕСКЕНДІР

©Reuters/Kirill BRAGA

Осы уақытқа дейін әлемнің 180 елінде 2,97 млрд доза вакцина салынған, деп хабарлайды ЭК.

Адамзат тарихындағы ең ірі вакцинациялау шарасы жалғасуда.

Bloomberg агенттігінің есебінше, осы уақытқа дейінгі егілген вакцина әлем жұртшылығының 19,4%-ын қамтиды. Жұқпалы аурулар бойынша америкалық маман Энтони Фаучи 70-85% америкалықтар екпе салғанда ғана АҚШ бетпердесіз, карантинсіз қалыпты өмірге оралады деп есептейді. Америкада орта есеппен тәулігіне 875 452 доза вакцина салынуда. Осы қарқынмен 75%-дық деңгейге жету үшін әлі 6 ай жұмыс істеуге тура келеді.

Жалпай вакцинациялау ауқымының ең жоғары көрсеткішіне алғаш жеткен ел — Израиль. 70 жасқа дейінгі қариялардың 84%-ы вакцина алып, елдегі коронавирустан туындайтын қатерлі ахуалды бірден жеңілдетті. Одан кейінгі ел — Ұлыбритания.

Бүгінде көптеген мемлекеттер COVID-19 дертіне қарсы вакцина ойлап табу үшін және соны көбейтіп, әлемге тарату үшін миллиардтаған, триллиондаған қаржы жұмсауда. Алайда жер бетінде тіршілік ететін шамамен 7,8 млрд адам баласына тым құрығанда бір рет вакцина салу үшін — ол бәрібір аз қаражат.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров