Хорватия мен Франция құрамалары үшін Еуро-2020 аяқталды

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/Marko DJURICA

Еуро-2020 1/8 финалындағы үшінші күннің ойындары Хорватия мен Испания құрамаларының кездесуінен басталды, деп хабарлайды ЭК

Копенгагеннің "Паркен" стадионында өткен матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталғандықтан, 1/4 финалға шығатын құраманы анықтау үшін қосымша ойын уақытын белгілеуге тура келді. Осы уақытта тағы екі гол соққан испандар чемпионатта қалу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы гол сандары бойынша 5:2 деген нәтиже тіркелді.

©Reuters/Stuart FRANKLIN©Reuters/Stuart FRANKLIN
©Reuters/Stuart FRANKLIN

Испаниялықтар салған 5 голдың авторлары: Пабло Сарабия, Сезар Аспиликуэта, Ферран Торрес, Альваро Мората және Микель Оярсабаль. Осы жігіттер Испания құрамасын 1/4 финалға алып шықты. Ал хорватиялықтар үшін бұл чемпионат аяқталды.

©Reuters/Friedemann VOGEL©Reuters/Friedemann VOGEL
©Reuters/Friedemann VOGEL

Үшінші күнгі плей-офф кезеңіндегі кездесулерді жалғастырған Франция мен Швейцария арасындағы ойын жанкүйерлердің есінде осы чемпионаттағы ең ұзақ болған матч ретінде есте қалатын болар.

Бухаресттегі "Ұлттық арена" стадионында өткен бұл матч швейцариялықтардың басымдығымен аяқталды. Алғашқы тайм Швейцария құрамасы соққан бір голмен аяқталса, екінші таймда француз Карим Бензема бас-аяғы екі минуттың ішінде дубль жасап, командасына жеңіске деген үміт сыйлады. Артынша тағы бір гол соққан Пол Погба есепті еселей түсті. Осылайша француздықтар үшін қуанышты жағдайда жалғасып жатқан еді. Алайда екінші таймның 81-ші және 90-шы минуттарында Швейцария сұр мергендері соққан екі голдың есебінен негізгі уақыт тең нәтижемен аяқталды.

©Reuters/Franck FIFE©Reuters/Franck FIFE
©Reuters/Franck FIFE

Шарт бойынша 1/4 финалға шығатын бір команданы анықтау үшін қосымша ойын белгіленді. Бірақ ол уаұытта да ешқандай өзгеріс болмаған соң, пенальти белгілеуге тура келді. Пенальти кезінде Швейцария құрамасы 5 гол, франциялақытар 4 гол соға алды. Сонымен, матч қорытындысы бойынша француздар еліне қайтуға мәжбүр болды. Ал Швейцария құрамасы 1/4 финалдық кездесуде Испания құрамасымен кездеседі.

©Reuters/Franck FIFE©Reuters/Franck FIFE
©Reuters/Franck FIFE

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров