Елде індет жұқтырғандар саны 39 пайызға көбейді

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус инфекциясы жұқтырғандар көбейгенін айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Қазақстан 26 маусымнан бері "қызыл" аймақта тұр. "Қызыл" аймақта 5 өңір бар. Олар — Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен БҚО, Алматы және Қарағанды облыстары. Қалғандары "сары" және "жасыл" аймақта. Соңғы аптаның ішінде коронавирус инфекциясымен ауырғандар қатары 39 пайызға өскендігі байқалды",- деді Алексей Цой.

Айта кетсек, 2021 жылғы 29 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 3 246 795 адам вакцина салдырған. II компонент 1 954 372 адамға егілген.

Министр кейінгі кезде елде вакцина алу қарқыны үдеп келетінін айтты. Өткен аптада екпе салдырғандар саны 250 мың адамнан 405 мың адамға көбейген.

"Біз вакцина алу тиімділігіне талдау жүргізіп көрдік. Осы жылдың сәуір айынан бастап маусымға дейін екпе алғандар қатарының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуіне байланысты, індет жұқтыру жағдайларының екі есе азайғаны байқалды. Осыған байланысты "дельта штаммы" анықталған күнде де вакциналау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды әсер етіп жатқанын атап өту керек",- деді ол.

Айта кетсек, 2021 жылғы 29 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 3 246 795 адам вакцина салдырған. II компонент 1 954 372 адам егілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров