Мамин: "Міндетті вакциналауды енгізу қажет"

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин міндетті вакциналауды енгізу қажет салаларды атады, деп хабарлайды ЭК.

"Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай өзгеріп жатыр. Өңірлерде вирус жұқтырған адамдардың саны күн сайын өсіп келеді. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі 27 пайызды және жансақтау бөлімдерінде 24 пайыз. Елордадан басқа "қызыл аймаққа" тағы 4 өңір кірді. "Сары аймақта" 5 өңір, "жасыл аймақта" 7 өңір бар",- деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, "Қызыл аймақтағы" барлық өңірлерде шектеу шаралары қолданылып, мониторинг топтарының жұмысы күшейтілуге тиіс.

"Резервтік инфекциялық орындардың дайын болуы, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткілікті болуы керек. Бүгінгі күні 3,3 млн-ға жуық адам бірінші компонентті, шамамен 2 млн адам екінші компонентті салдырды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакцина салу қарқынын күшейтуі тиіс. Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қатысты.

Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу қажет

деді Үкімет басшысы.

Ол осы тапсырманы бақылауды вице-премьер Ералы Тоғжановқа жүктеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров