Алматы облысында жүк көлігі әкесі мен қызын басып өлтірді (видео)

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында "ЗИЛ" жүк көлігі үш адамды басып кетті, деп хабарлайды ЭК.

Қайғылы жағдай 28 маусым күні сағат 15:00 шамасында болған. Бұл оқиғаның видеосы Instagram-дағы _kyzyk_times парақшасында жарияланды. Онда қызы мен арбадағы баласын алып жаяулар жолағынан өтіп бара жатқан ер адамның шөп тиеген үлкен жүк көлігінің жол бермей келе жатқанын көре тұрып, қарсы жаққа қарай жүгіргені көрініп тұр. Сол қас-қағым сәтте оларды әлгі машина басып өтеді.

Алған жарақаттан 53 жастағы ер адам мен 9 жастағы қыз бала тіл тартпай кетті. Ал 3 жастағы бала қалалық ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, жол апатына ұшыраған жандар — бір отбасының мүшелері. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"Салдарынан 53 жастағы ер адам 9 жасар қызымен бірге оқиға орнында жан тәсілім етті. Ал тағы 3 жасар ұл бала Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", — дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров