Туыстарын ақша үшін өлтірген қаскөйге қатысты сот процесі басталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Петропавл қаласына қонаққа келіп, туған нағашыларын өлтірген 30 жастағы жігітке қатысты бірінші сот отырысы өтті, деп хабарлады ЭК.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға Петропавл қаласына қарасты Қызылжар ауылында болған. Туыстарына қыдырып келген Алматы тұрғыны жеке үйлердің бірінде 3 адамды пышақтап тастаған.

Ауыр дене жарақатын алған екі әйел ауруханада көз жұмды. Оның бірі 48 жаста болса, екіншісі 89 жастағы кейуана. Ал үшінші жәбірленуші — 29 жастағы жігіт бір ай бойы ауруханада жатып, емделіп шықты.

Бүгін осы оқиғаға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Онда аман қалған куәгердің сөзі тыңдалды.

"Айыпталушы туысқандарының үйінде үлкен көлемде ақша бар екенін біліп, тонап кетуі үшін екі немесе одан да көп адамды өлтіруге барған. Ғабдуллин туысқандарының үйіне бұған дейін келген кезде, қай бөлмеде құнды заттар мен ақша жатқанын біліп алады. Соны ұрлап алу үшін осы қылмысқа барған", — дейді прокурор Дулат Жанақов.

Кінәсін мойындаған айыпталушы бұл ісін жұмыссыз қалып, қарызға батқандығымен түсіндірген.

Мен өз кінәмді мойындаймын. Бірақ бұл қылмысты әдейі жасамағанымды айтқым келеді. Солай болып қалды,

деді айыпталушы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров