Әлемде 4 миллионнан астам адамның азаматтығы жоқ

Экспресс К

© БҰҰ / Э.НЕМАТОВ

БҰҰ мәліметі бойынша, дүниежүзі бойынша миллиондаған адамның ешбір мемлекетте азаматтығы жоқ және еш жерде тіркелмеген, деп хабарлайды ЭК

Сондықтан олардың көпшілігінде коронавирусқа қарсы екпе алу мүмкіндігі болмай отыр.

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі басқармасының ресми деректері бойынша әлемнің 94 елінде 4,2 миллион адамның азаматтығы жоқ. "Көптеген жағдайларда азаматтығы жоқ адамдарға пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдары олар үшін өте ауыр болғанына қарамастан, олардың құқықтық мәртебесінің болмауына байланысты тестілеу мен емдеу және әлеуметтік қызметтер азаматтығы жоқ адамдар үшін қолжетімді болмады", — дейді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі басқарма өкілдері.

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі басқармасы бірқатар елде пандемияға байланысты туу туралы куәліктерді беру уақытша тоқтатылды, соның салдарынан әлемде азаматтығы жоқ адамдар көп болады деп алаңдайды. Ал, сарапшылар олардың мәртебесіне қарамастан, вакциналаудың әмбебап стратегиясын қабылдаған елдердің бар екенін айтты. Олардың арасында Испания, Португалия, Түркіменстан, Ливан, Кувейт және Иордания бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров