Қырғызстан Қазақстаннан көмекке алған ұнды сатып, орнына бидай алмақ

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Әлеуметтік желіден

Қырғызстан үкіметі Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмек ретінде берілген 10 мың тонна ұнды сатуға шығармақ, деп хабарлайды ЭК

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің айтуынша, ұнды босқа рәсуә болмас үшін сатып, орнына бидай алмақ ниетте.

Министрлік "өнімнің мерзімі шектеулі", "сапасы нашар" деген алып-қашпа сөздерді теріске шығарды. Қазақстаннан 10 мың тонна көлемінде жоғары сортты және бірінші сортты ұн алған. Оның сапалық көрсеткіштері барлық талаптарға сай.

"Маусым айында күн 32-35 градусқа дейін ысыды. Шілде де температура бұдан да көтеріле түспек. Сондықтан ұнды сақтау қиындық тудырады. Аптап ыстық қойма ішіндегі температураны да барынша көтереді", — дейді Қырғызстанның ТЖМ-і.­

Қырғыз үкіметі сатылған ұнның орнына жергілікті фермерлерден 150 тонна бидай сатып алмақшы. Себебі, су жетіспегендіктен биыл бидай бітік шықпауы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров