Талдықорғандағы зауытта жарылыс болды

Нұрболат АДЫРБЕК

ТЖД

Талдықорғандағы арматура зауытында төтенше оқиға болды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "Еуразия" арнасы хабарлады. Жарылыс салдарынан зауыттың үш жұмысшысы зардап шеккен. Олар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Оның біреуіне амбулаториялық емдеу тағайындалды. Қалған екі азаматтың біреуінің бауыры қатты зақымдалған. Оған ота жасалып, бір бүйрегін алып тастау керек болды. Бұл науқастың жағдайы орташа ауыр. Үшінші науқас травматология бөліміне жатқызылды. Қазір үшеуі де дәрігерлердің бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетілуде", — деді қалалық аурухананың дәрігері Қуат Нұрланұлы.

Қазір полиция қызметкерлері жарылыстың себебін анықтаумен айналысуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров