Атырау облысының әкімдігі 3 ай бойы ұтыс ойнатады

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Атырау облысында вакцинациялау қарқынын арттыру үшін 3 ай бойы ақшалай сертификаттар ұтысқа қойылады, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Үкімет отырысында осы аймақтың басшысы Махамбет Досмұхамбетов екпе салдырушылардың қатарын көбейту үшін осындай ынталандыру акциясын өткізуді қолға алғанын деп мәлімдеді.

"Өңірге бірінші компоненттің 120 200 дозасы, екінші компоненттің 117 200 дозасы жеткізілді. Бірінші компонент 81 861 адамға, екінші компонент 44 827 адамға салынды. Вакцинациялау қарқыны артып келеді. Өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда екпемен қамтылғандар саны 41 пайызға өсіп отыр. Жалпы, екпе жұмыстарын жүргізу үшін облыс бойынша 41 егу кабинеті ашылды. Оның 10-ы — жылжымалы пункт. Демеушілердің көмегімен 30 маусымнан бастап алдағы 3 ай көлемінде екпе алушылар арасында ақшалай сертификаттардың ұтысы ұйымдастырылады. Бұл туралы БАҚ-та бүгіннен бастап кеңінен жарияланады", — деді әкім.

Оның айтуынша, 26 маусымнан бастап коронавирустың тіркелуі жоғарылап, өңір "қызыл" аймаққа өтті. Соңғы тәулікте індетті жұқтырудың 66 жағдайы анықталып, репродуктивтік коэффициенті 1,27-ге жеткен.

Жағдайды тұрақтандыру үшін бас санитар дәрігердің қаулысымен 28 маусымнан бастап Атырау облысы бойынша карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп, "Теңіз" кен орнындағы карантин ұзартылды,

дейді Махамбет Досмұхамбетов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров