Талап бұзған кәсіпкерлерге 7 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ақтөбе облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша "сары" белдеуге өтті, - деп хабарлайды ЭК.

Қазір облыстың инфекциялық стационарларында 197 науқас ем алса, оның 18-і жансақтау бөлімінде жатыр. Соңғы аптада індет жұқтырғандар саны көбейген. Коронавирусқа шалдыққан 17 баланы дәрігерлер бақылауға алыпты. Бір бала ауруханада жатыр. 10 жүкті келіншек індеттің "құрығына" іліксе, оның үшеуі стационарда емделуде. Өңірдің сары аймаққа өтуіне байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуді ескертеді.

Ресеймен шекаралас аймақтардағы "Қарғалы" және "Әлімбет" шекара бекеттеріндегі санитарлық-карантиндік пункттер бақылауға алынған. Бүгінгі күнге дейін аталған пункттерден 171 мыңнан аса адам өткен. Шекарадан өтетін азаматтардың барлығы тексеріледі. ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен науқастар оқшауланады.

Мобильді мониторингтік топтар және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, санитарлық талапты бұзғандарға жалпы көлемі 54 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Ал координациялық орталықтан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 48 кәсіпкерлік нысанына тексеру жүргізіліпті. Нәтижесінде оларға 7 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров