«Қазақстан барысы» турниріне жанкүйерлер кіргізілмейді

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com / qazaqstan_barysy

«Қазақстан барысы» республикалық турнирі биыл жанкүйерлерсіз өтеді, деп хабарлайды ЭК.

Қазақ күресін қолдау және дамыту қоры өкілдерінің айтуынша, елордадағы ахуалға байланысты жарысқа көрермендер кіре алмайды. Турнир 4-шілде күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтеді.

" Бұған дейін біз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен спорт кешеніне 20 пайыз көрермен кіруіне рұқсат алған болатынбыз. Бірақ қаланың "қызыл аймақта" болуына байланысты осындай шешімге келуге мәжбүрміз, — деді қордың баспасөз қызметі.

Дүбірлі додаға еліміздің аймақтарынан іріктелген 39 балуан қатысады. Бас жүлдеге 25 миллион теңге, алтын белбеу мен алтын тұяқ тігіліп отыр. Екінші, үшінші орын алғандар да қомақты қаражатқа ие болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров