Тыр жалаңаш велосипедпен қыдырып жүрген ер адам ұсталды

Нұрболат АДЫРБЕК

Бейнеден кадр

Есіл өзенінің бойында жалаңаштанып алып велосипед айдап жүрген ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды ЭК

Бүгін таңертеңгілік полицияға Есіл өзенінің жағасында жалаңаш адам велосипедпен кетіп бара жатқандығы туралы хабарлама түсіпті. Полицейлердің мәліметі бойынша ер адам алкогольдік ішімдік ішкен. Оның тек аяқ киімі ғана болған. 42 жастағы тәртіп бұзушының айтуынша, ол түнде өзен жағасында достарымен бірге көңіл көтеріп алкогольдік ішімдік ішкен.

Артынан масайып қалған ол өзенге шомылған. Ол судан шыққан кезде киімдері жағалаудағы орнында болмай шығыпты. Айтуынша, бірге көңіл көтерген достары оның киімдерін алып, кетіп қалған.

Басқа амалы қалмаған соң ол, велосипедімен жалаңаш күйінде Бараев көшесіндегі үйіне қарай бет алған екен. Осы сәтте оны партрульдік полиция құрықтады.

Оған қатысты, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкен, басқаларға құрметсіздік білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзған әрекеттері үшін ӘҚК-нің 440, 434-баптары бойынша іс қозғалды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров