Жол апатына себепші болған жүргізуші іздестіріліп жатыр

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

Маңғыстау облысының «Ақшұқыр-Ақтау» тасжолында екі көлік соқтығысып, екі адам ауыр халде жатыр.

Қазір полицейлер көлік апатына себепкер болған Volvo s80 автокөлігінің иесін іздестіріп жатыр. Апат 29 маусым күні түнгі сағат 01:10 Ақтау қаласы мен Ақшұқыр ауылын жалғайтын жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, Volvo s80 көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, TOYOTA FORTUNER көлігіне соқтығысқан.

Volvo s80 көлігінде тізгіншісінен басқа ешқандай жолаушы болмаған. Ал соғылған көліктегі екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиға бойынша тексеріс басталды, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр ,-деп хабарлады МО полиция департаменті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров