Көлігін люк қақпағы бүлдірген жүргізуші айыппұл арқалады

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

twitter.com / flashnord

Шымкент тұрғыны жолда келе жатып, көлігімен люктің шетін басқанда, қақпағы ұшып келіп, темір тұлпарының бір шетін майыстырып кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Жүргізуші қаланың жауапты мекемелерінің, яғни коммуналдық мекеме қызметкерлерінің сазайын тарттыру үшін полиция шақырған. Десе де, дереу жеткен полиция жүргізушінің өзіне хаттама толтырған. Шымкенттік полицейлер "жол ережесін бұзған өзің кінәлісің" деп айыппұл салған.

Іс сотқа дейін жеткен. Сот та полиция қызметкерлерін жақтап шешім шығарған.

Қозғалысқа кедергі шыққан кезде, оны аңғаруға болатын жағдайда, жүргізуші жылдамдықты азайту шарасын жасамаған. Тоқтауға да болар еді,

делінген сот шешімінде.

Бұл жайт кейбір тұрғындардың ашуына тиіп отыр.

Естеріңізде болсын, авто көлік жүргізушілердің алдында люктің артықшылығы бар. Енді біз люкке жақындасақ тоқтауға мәжбүрміз,

деп жазады желі қолданушысы Әмірбек Қожамбет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров