Білім министрлігі мектептерде психологтардың санын көбейтуге ниетті

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі психологтардың санын көбейту керектігін айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Қазіргі күні психологтардың әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 7652 педагог-психолог күн сайын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап психолог-педагог санаты 3-блоктан 2-блокқа көтерілді, соның арқасында жалақылары қөбейді. 2019 жылдан бастап педагог-психологтерге біліктілігі үшін қосымша 30%-дан 50%-ға дейін ақы алу мүмкіндігі берілді. Енді әлемдік тәжірибе бойынша оқушыларды психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру үшін қосымша штаттық бірліктер қажет болып тұр. Осы мәселе де шешімді қажет етеді",- деді Асхат Аймағамбетов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров