"Су жетпейді, бірақ бар суды пайдалана алмай отырмыз"

Фархат ӘБІЛОВ

© Фархат АБИЛОВ

Атырау облысындағы елді мекендер ауыз су тапшылығын көріп отырса да, ұңғымалардан шыққан жер асты суы далаға төгіліп жатыр, деп жазады ЭК.

© Фархат АБИЛОВ© Фархат АБИЛОВ
© Фархат АБИЛОВ

Соңғы уақытта облыстың кейбір аудандарында, тіпті облыс орталығының маңында орналасқан елді мекендерде су мәселесі өткір тұр. Жаз басталысымен су көзі сығырайып, тұрғындар ішуге су таппай жатады. Бірақ Жылыой ауданында жер астынан шыққан таза ауыз су ұңғымадан атып, далаға ағып ысырап боп жатыр. Мәселен бір ұңғымадан секундына 25 литр ауыз су ағып, далаға жайылып, күнге кеуіп, жоқ болады. Ал осы суды аңсап отырған тұрғындар қаншама? Билік жер асты суын кәдеге асыра алмай отыр. Бір ғана Жылыой ауданында 170-ке жуық осындай ұңғыма бар.

© Фархат АБИЛОВ© Фархат АБИЛОВ
© Фархат АБИЛОВ

"Атыраугидрогеология" ЖШС директоры Нұргүл Сабурованың айтуынша, бұл сулар Оңтүстік Ембі бассейні құрамына кіреді.

Бұл жерде Жаңасу, Бали, Тұғарақшан және Сары Бұлақ сияқты су кен орындары барланған. 1982-1985 жылғы зерттеулерге сәйкес, осы төрт орыннан тәулігіне 172 мың текше метр су сыртқа атқылайды. Осы уақытқа дейін таза ауыс су текке ысырап болып жатыр,

дейді гидрогеолог Нұргүл Сабурова.

© Фархат АБИЛОВ© Фархат АБИЛОВ
© Фархат АБИЛОВ

Жылыой аудандық әкімдігінің мәліметінше, кейбір ұңғыманың шамамен 50-60-ын жергілікті шаруа қожалықтары пайдаланады. Бірақ су кодексіне сәйкес, бұл ұңғымаларды шүмекті режимге ауыстыру керек. Яғни, қажет болған жағдайда ғана шүмегін ашып пайдалану, қалған уақытта бекітіп қою. Қазір облыстың су ресурстарының стратегиялық қоры ешқандай пайда әкелмей, ысырап болып жатқан жайы бар.

Бұл кен орындарының артықшылығы — олар су өткізбейтін қалың топырақ қабаттарымен қорғалған. Мұның кемшілігі де бар — су өткізбейтін қабаттар аққан судың кері кетуіне жол бермейді. Яғни, су қоры қайта толмайды. Кезінде бұл ұңғымалар түрлі мақсатта бұрғыланды: жайылымдарды суландыру, мұнайшылар технологиялық су ретінде пайдалану үшін. Кейбір ұңғымаларда 70 жылдан астам уақыттан бері тоқтаусыз су ағып тұр. Су қорының азаюымен қатар жер де бүлінеді, минералданған су кепкенде тұзға айналады.

© Фархат АБИЛОВ© Фархат АБИЛОВ
© Фархат АБИЛОВ
© Фархат АБИЛОВ© Фархат АБИЛОВ
© Фархат АБИЛОВ

Әзірге далаға ағып жатқан таза ауыз суға жергілікті билік те, тиісті мемлекеттік ведомства да көңіл аудармай отыр. Жағдай осылай жалғаса берсе 50 жылдан бері атқылап жатқан ұңғымалардың құрғап кетуі әбден мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров