Арыстағы көп қабатты үйлерді кене басып жатыр ма?

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Бейнеден кадр

Желіде тұрғындардың жанайқайы туралы видео тарады, деп хабарлайды ЭК.

Бейнедегі тұрғын терезенің жақтауында тұрған кенеге ұқсас жәндікті видеоға түсіріп, жан-жаққа таратқан.

"Үйлерді кене басып жатыр, құтыла алар емеспіз" — дейді видеодағы арыстық азаматша.

Пікір білдірушілер бұл кене емес, қандала деп топшылайды.

Ал, Арыс қаласының баспасөз қызметі бұл мәселе бойынша жергілікті әкімдік қажетті жұмыстар жасап жатқандығын жеткізді.

"Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесін дәрілеу жұмыстары екі-үш күн бұрын жүргізілді. Залалсыздандырылып жатыр. Тұрғын үйлер жеке меншік болғандықтан әкімдік тарапынан қаржы қарастырылмаған. Дегенмен, ұйымдастыру жұмыстары жүреді", — дейді Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Досыбай.

"Жеке пәтерлердегі жәндік "кене" немесе "қандала" екендігі екі аптадан кейін анықталады", — дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма мамандары.

Себебі, Шымкенттегі зертханада талдау жасап, нақты қорытынды шығару үшін 10 шықты күн керек екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров