Елімізде 4686 адам құжатсыз жүр

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Былтыр құжаты жоқ 7000-ға жуық тұлға ресми тіркелсе, биыл азаматтығы жоқ тағы 4 686 адам анықталды, деп хабарлайды ЭК.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлік үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, өткен жылдың 24 қыркүйегінен бастап жеке басын куәландыратын құжатсыз жүргендерді анықтау науқанын жүргізді. Нәтижесінде бүгінге дейін осындай бес мыңға жуық азамат тіркелген.

"Тәжірибеге сүйенсек, құжатсыз тұлғалар, бұл көбінесе ТМД елдерінің бірінің жарамсыз паспорттарымен елге келетін немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының иелері. Сондықтан олар өздерінің заңды құқықтарын іске асыра алмай жүр. Мәселен жәрдемақы рәсімдеу, денсаулық сақтау, білім беру қызметтерін алуда қиындықтар туған", — дейді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов.

Былтыр осындай акция аясында құжатсыз жеті мыңдай тұлға анықталып, әрбіреуі азаматтық алу құқына ие болды деді азаматтығы жоқ мәселелер жөніндегі өңірлік кеңесші Роман Марин.

Айта кетейік акция аясында құжатсыз жүргендердің көпшілігі Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола облыстарынан анықталған. Нақты мәліметтерге жүгінсек, 3 408 адам жеке басты куәландыратын құжат алады, тағы 1 278 тұлғаға қатысты азаматтықты растау рәсімі жақында аяқталмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров