Магистратура мен докторантураға түскісі келетін жастарға маңызды ақпарат

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Білім және ғылым министрлігі магистуратура және докторантураға құжаттар қалай, қашан қабылданатын айтты, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін министрліктің алқа отырысында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев биыл магистратура және докторантураға құжаттар Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы қабылданатынын айтты.

"Магистратураға құжаттарды қабылдау 18 маусым-15 шілде аралығында жүргізіледі. Докторантураға құжаттар тапсыру 3 шілде-3 тамыз аралығында қабылданады. Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеден 10 тамызға дейін жалғасады. Ал докторантураға түсу емтиханы 4-20 тамыз аралығында өтеді", — деді Әділет Тойбаев.

Кешенді тестілеу нәтижесі бойынша магистратураға білім беру гранттарын беру конкурсы 11-15 тамыз аралығында, докторантураға 22-24 тамыз аралығында жүргізіледі екен.

Магистратура мен докторантура бойынша жалпы оқуға қабылдау 28 тамызда аяқталады. Қазіргі уақытта магистратураға құжаттар Ұлттық тестілеу орталығы ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып жатыр. Үміткер өзінің электронды поштасы арқылы тіркеліп, мәліметтерін толтырады. Одан кейін магистратураға түсу бағдарламасы мен жоғары оқу орнын таңдайды. Магистратурада тек қана бір білім беру бағдарламасы және 1 ғана жоғары оқу орны таңдалады. Жалпы осы жылы кешенді тестілеу өткізу форматы өзгеріссіз қалады, — деді департамент басшысы.

Дерек: 28 маусымдағы ақпарат бойынша, қазіргі уақытта магистратураға 6 мың 142 өтініш қабылданған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров