Періштесі қаққан баланың жағдайы қалай?


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Алматы облысында жүк көлігі қағып кеткен 3 жастағы баланың жағдайы орташа тұрақты деп, хабарлайды ЭК.
Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршін түрлі жарақатпен Қарасай аудандық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілген. Диагноз: жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы.
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусым күні Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында ауыр жүк көлігі 3 адамды қағып, соның салдарынан 53 жастағы ер адам мен оның 9 жастағы қызы көз жұмған еді. Ал арбада болған 3 жасар ұлы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Қазір полиция осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.