Түркістанда азық-түлік бағасының өсуіне не себеп екені белгілі болды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Өңірдегі шаруалар тауарларын шетелге экспорттап жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ерте өндірілетін өнімдердің кеш пісуі өңірдегі қымбатшылыққа алып келген. Сондай-ақ, кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметіне сәйкес, картоп, қырыққабат пен сәбізге деген көршілес елдердегі сұраныстың жоғары болуына байланысты шаруалар тауарларын шетелге экспорттай бастады.

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1098 меморандум жасалған.

Сонымен қатар, тұрақты түрде аудан, қалалардағы құрылған мобильдік топтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Заңының 204-4 баптарына сәйкес 752 кәсіпкерге баға негіссіз көтермеу жөнінде ескертулер мен нұсқамалар беріліпті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында ірі сауда желілеріне 200 млн теңге бөлінген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров