Теннисшілеріміздің қоржынында 7 жолдама

Бек ТӨЛЕУОВ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Отандық теннисшілер Олимпиаданың тағы бір жолдамасына ие болды, деп хабарлайды ЭК.

Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова Қазақстан қоржынына Токио Олимпиадасына тағы бір лицензия әкелді. Төртжылдықтың басты бәсекесінде қос спортшы жұптық санат бойынша бақ сынайды.

Бұған дейінгі Олимпиадаларда теннисшілер еншісінде ең көбі төрт жолдама болған еді, бұл жолы олар 7 лицензияны иеленіп отыр. Бұл Қазақстан теннисі үшін рекордтық көрсеткіш болып саналады.

Токиода Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова жекелей сында додаға түспек. Ал жұптық сында А.Бублик пен Андрей Голубев, Е.Рыбакина мен Я.Шведова ел намысын қорғайды. Олимпиадалық теннис турнирі 24 шілде — 1 тамыз аралығында өтеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров