Коронавирусты анықтайтын бетперде жасалды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© Felice FRANKEL

АҚШ ғалымдары адамның коронавирус жұқтырғанын анықтай алатын маска жасап шығарды, деп хабарлайды ЭК.

Массачусетс технологиялық институты зерттеу орталығының мамандары Гарвард университетімен бірлесе отырып, алынбалы құрылғысы бар маска жасап шығарды. Ол құрылғыны зертхана халатына немесе киімге де тігуге болады.

Мұндай масканы тағып жүрген адам бір жарым сағаттан кейін COVID-19-ды жұқтырған-жұқтырмағанын дәл анықтай алады. Мәлімет құпия сақталады, нәтижесі басқа адамдарға көрінбейді.

Массачусетс технологиялық институты мамандарының айтуынша, осындай құрылғы бұдан бірнеше жыл бұрын әзірлене бастаған. Олар Эбола және Зика вирустарын жұқтыруды анықтау үшін қолданылған.

Сонымен қатар, оны басқа да вирустарды табуға қолдануға болады екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров