БАӘ-нің ірі инвесторлары елімізге іскерлік сапармен келмек

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Pixabay

«Emirates Kazakhstan Education Investment Group» компаниясының акционері Халед әл-Кинди және Әбу Дабидегі «Princess Group» компаниясының төрағасы Әдел әл-Марзуқи елімізге іскерлік сапармен келмек, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Мадияр Меңілбеков ірі араб инвесторларымен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Осы аптада "Emirates Kazakhstan Education Investment Group" компаниясының акционері Халед әл-Кинди және Әбу Дабидегі "Princess Group" компаниясының төрағасы Әдел әл-Марзуқимен кездесіп, жақын арада елімізге іскерлік сапар ұйымдастыруды қарастырдық,

дейді елші.

Әмірліктердің іскерлік топ өкілдерімен тұрақты түрде келіссөздері жүргізіліп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров