Сараптама: "Қарағандыдағы арыстан жұқпалы аурудан өлген"

Фархат ӘБІЛОВ

©AP/Javier GALEANO

Қарағанды саябағында иесі көміп кеткен арыстанның неден өлгені белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.

Қарағанды облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы таратқан мәліметке сәйкес, саябақта көмілген аң он айлық алан екен.

— Арыстанның күшігі Қарағанды қаласында орналасқан байланыс хайуанаттар бағында мекендеген. Сараптама арыстанның жұқпалы аурудан көз жұмғанын көрсетті. Оның барлық қажетті құжаттары, ауырғаны жөнінде жазбалары бар. Ауыра бастаған кезде жануарға қажетті ем-дом шаралары көрсетілген. Иесі ветеринар мамандардың көмегіне жүгінген. Бірақ 22 маусымда өліп қалған, — деп мәлімдеді инспекция қызметкерлері.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Марс есімді арыстан панлюкопения сияқты жұқпалы аурумен ауырған.

Паталого-анатомиялық тексеруден кейін жануардың денесі мал қорымына шығарылып, Бекқари шұңқырына көмілді,

дейді мамандар.

Полиция қызметкерлері арыстанның неге орталық саябаққа жерленгенін анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда полиция жасағы қаланың орталық саябағында көмілген арыстанды тапқан еді. Жедел тергеу тобы оқиға орнын зерттеп, жануардың мәйітін сараптамаға тапсырды. Кейін иесі де табылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров