Елбасы ертең Ресей президентімен кездеседі

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Ертең Мәскеу қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесу өткізеді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter арқылы мәлімдеді.

"30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин кездеседі. Келіссөз барысында ЕАЭО-ның одан ары даму болашағы және екі ел арасындағы өзекті мәселелер талқыланады", ­- деп хабарлады Айдос Үкібай.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров