«Молдабай» әнінің авторлығына қатысты дау туындап жатыр

Нұрболат АДЫРБЕК

Молдабай Төрткүлбайұлы

Белгілі ақын, сазгер, әнші Молдабай Төрткүлбайұлының (1876-1967) ұрпақтары ақынның белгілі туындысын сырттай иеленіп жүргендерге өз дәлелдерін ұсынбақ, деп хабарлайды ЭК

Ел ішінде

"Тәңір берген Молдабай,

Малға кедей, сөзге бай..." деген тіркестерімен кеңінен танымал әннің шынайы авторлығына байланысты даудың шеті көріне бастады. Осы мәселеге байланысты Алматыға Қарағанды облысынан арнайы келген ақын-сазгердің ұлы Жетпіс Молдабаев көпшілікке өз дәлелдерін ұсынбақ. Мақсаты — әншінің өнерін құрметтейтін тыңдарманға шығарманың шын иесін таныту.

"Бұл — менің әкемнің әні. Сөзін де, сазын да өзі жазған болатын. Шығарманың шығуына куә болған адамдар туған ауылымызда әлі де бар. Мен өзім де куәгердің бірімін. Себебі, осы ән шыққан кезде 9-10 жас шамасында болатынмын. Және бала кезімде ауылға белгілі әнші Қазақстанның халық әртісі, Манарбек Ержанов арнайы іздеп келіп, әкемнің аузынан жазып алған еді" — дейді Молдабай ақынның жалғыз ұлы — Жетпіс қария.

Жетпіс МолдабайұлыЖетпіс Молдабайұлы
Жетпіс Молдабайұлы

Мұны айтуыма соңғы кезде Қазақстанның кейбір өңірлерінен аталмыш шығармаға "жиендік" қылғысы келетіндер кездесіп қалып жүргені себеп болды. Мәселен, Қызылорда облысынан бір азаматтың — "бұл менің атам, Тәңірбергенұлы Молдабай деген кісінің әні,

дегенін де радиодан естіп қалдым.

"Осылай мәлімдеме жасауымның тағы бір себебі, соңғы кезде теледидар мен радиолардан бергенде халық әні деп те хабарлап жүр. Бұл ақын әрі сазгердің әруағының алдында әділетсіздік қой", — деп күйінді ән авторының ұлы.

Айта кетейік, бұл әнді алғашқылардың бірі болып, елімізге белгілі дәстүрлі әнші Манарбек Ержанов орындаған болатын. Ал қазір Бекболат Тілеухан, Ерлан Рысқали сынды өнер саңлақтары нақышына келтіріп айтып жүр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров