“Мыстан” веб-сериалының көрермендеріне ойын ұсынылды

Экспресс К

Salem social media көрермендерге өздерін “Мыстан” веб-сериалының кейіпкерлерімен салыстыруды ұсынды, деп хабарлайды ЭК

Томирис, Сымбат және Перизат — Salem social media мен Art Dealers продюсерлік компаниясының жаңа "Мыстан" веб-сериалының бас кейіпкерлері. Кейіпкерлердің әрқайсысы проблемаларды өз бетімен шешуге дағдыланған. Көрермендер олардың әрқайсысымен жақсы танысуы үшін авторлар пайдалы негіздемесі бар ойын жүргізді.

"Біз ойынды әркім шынайы өмірдегі қауіпті жағдайларға еніп, олардан тиімді өзін-өзі қорғау әдістемелерін үйренетіндей етіп модельдедік. Сонымен қатар ойыншы біздің бас кейіпкерлеріміздің өмірін басынан кеше алады. Біз үшін жасалған таңдау жеке тұлғаның тұрпатын ғана емес, сол таңдаудың салдарын да анықтайтынын мысал арқылы көрсету маңызды", — деді жобаның креативті продюсері Майя Искакова.

"Мыстанның" бас кейіпкерлері — өз мінездері, мақсаттары мен армандары бар үш түрлі әйел. Оларды алдау, сатқындық және зорлық-зомбылық секілді ортақ ауыртпашылықтар біріктіреді. Әділеттілікті таппаған кейіпкерлер сот төрелігін өз қолына алып, заңды жазадан қашып құтылған құқық бұзушылардан кек алады.

Рөлдерді Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, Әсел Қалиева, Жасмин Салихова және Жандос Айбассов сомдады.

Үш басты актрисаның әрқайсысы өз кейіпкерін былай сипаттады:

"Мен Сымбаттың рөлін ойнадым. Ол батыл, нәзік әрі ақкөңіл қыз. Жас болғанына қарамастан, қиын жағдайларда ешқашан абыржып-абдырап қалмайды. Бұл қасиеті оны жиі құтқарады. Сондықтан ол өзінің сүйікті адамы жүкті кезінде алдап, тастап кеткенін түсінген бойда, ол өз жолындағы кез-келген кедергілерді жеңуге бел буады. Менің ойымша, оның кейпіне ену пайдалы болды, Сымбат маған көп нәрсені үйретті", — деді Ақбота-Нұр Сейітмағамбет.

Жасмин Салихованың орындауындағы тағы бір кейіпкеріміз Томирис, керісінше, қайғылы оқиғалардан кейін ол енді адамдарға сенбейтіндігін айтты. "Томирис мейірімді және бәріне көмектесуге, басқалардың өмірін сақтап қалуға тырысады. Бірақ бір адамның кесірінен оның болашағы күл-талқан болып, менің кейіпкерімде "Бұдан әрі не істеу керек?" деген сұрақ туындайды. Көбінесе мұндай жағдайлардан кейін адам өзіне, туыстарына, достарына сенімін жоғалтады. Томирис мені өзінің табандылығы мен мақсатқа талпынушылығымен қуантады. Ол ары қарай өмір сүрудің жолын іздейді және өзін-өзі қолына алып, әрекет етеді", — деп түсіндірді актриса.

Үшінші кейіпкер, Перизаттың, рөлі үшін актриса Әсел Қалиева сыртқы және ішкі келбетін толық өзгертті. "Перизат — үнсіз, өткір мінезді және нәзік жанды. Кейіпкер екеуміздің арамыздағы үлкен айырмашылық маған кедергі болды. Себебі, ым-ишара, табиғи реакцияларымыз мүлдем басқаша. Мен қайтадан қарауды, жүруді, бұрылуды, тіпті көзімді жыпылықтауды үйрендім. Бұл менің толық зейін қоюымды, басқа затқа алаңдамауымды және әрбір ұсақ-түйекті есте сақтауымды талап етті. Мен бір сөзбен айтқанда, басқа адамға айналдым", — деп бөлісті актриса.

Сериалдың шығарылуына дайындық кезінде Salem social media тобы көрермендер арасында алымсақтық және зорлық-зомбылық тақырыбында сауалнама өткізді. Сұхбат алынған 12 мың адамның 51%-ы алымсақтыққа ұшыраған, 30%-ы кінәні зорланған жәбірленушінің өзінен дейді, ал 52%-ы жақындарының арасындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы сөз қозғағанды жөн көрмейді.

Кез келген көрермен, қалауы бойынша, "Мыстан" сериалына негізделген ойынның көмегімен бас кейіпкерлердің рөлдеріне еніп, өздерін жаңа тұстан көре алады. Режиссер Ернар Нұрғалиев түсірген "Мыстан" веб-сериалы 24-ші маусымда "Mystan" Youtube-каналында шықты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров