Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ҚР ҰҚК баспасөз орталығы

Алматыда есірткі тасымалымен айналысқан екі адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, синтетикалық есірткінің ірі партияларын өткізуге қатысы бар трансұлттық топтың қылмысын әшкереледі.

Қылмыскерлер Ауғанстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жолмен тұрақты түрде жеткізіп тұрған.

ҚР ҰҚК баспасөз орталығыҚР ҰҚК баспасөз орталығы
ҚР ҰҚК баспасөз орталығы

Ведомсованың мәліметінше, Алматы қаласында 25 кг есірткі затын тасымалдау кезінде оның трафигін ұйымдастырушы және Ресейде осыған ұқсас қылмыс жасаған Ресей Федерациясының "М" деген азамат қылмыс үстінде ұсталды. Ол Ресейде де іздеуде екен. Халықаралық арнайы операция нәтижесінде сондай-ақ оның сыбайласы — Қазақстан Республикасының "К" деген азаматы ұсталды.

ҚР ҰҚК баспасөз орталығыҚР ҰҚК баспасөз орталығы
ҚР ҰҚК баспасөз орталығы

"Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді", — деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Есірткі саудасына қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров