Саусақ іздерін тіркеу 2023-жылдан басталады

Нұрболат АДЫРБЕК

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда саусақ іздерін тіркеуді (міндетті саусақ іздерін) 2023 жылға ауыстыруды қарастыратын заңға қол қойды, деп хабарлайды ЭК.

Ақорда сайты мәлімдегендей, Тоқаев "Мемлекеттік курьерлік байланыс туралы" заңға және мемлекеттік курьерлік байланыс және ішкі істер органдарының қызметіне енгізілген түзетулерге қол қойды.

PixabayPixabay
Pixabay

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде "Саусақ іздері және геномдық тіркеу туралы" заң күшіне енген болатын. Бұл саусақ іздері мен геномдық ақпаратты жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтиды.

Енді бүгін қол қойылған заңға сәйкес бұл үрдіс 2023-жылдан басталатын болды. Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев саусақ іздері мен геномдық тіркеуді 2021 жылдан бастап енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ ол, бұл шараға қажет 26 миллиард теңгенің қазіргі таңда 11 миллиарды ғана қаралғанын айтқан еді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, осы заңға сәйкес 12 мен 16 жас аралығындағы балалардан саусақ іздерін олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының қатысуымен ғана ала алады.

Ал,16 жастан жоғары қазақстандықтар үшін саусақ іздерін тапсыру міндетті. Бас тартқан жағдайда 2 АЕК көлемінде айыппұл салу заңда қарастырылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров