Хакім Абай норвег тілінде сөйледі

Болат МӘЖИТ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Осло қаласында Абайдың норвег тіліндегі аударма кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдер жинағы "Abais dikt og visdomsord" деген атпен тұңғыш рет жарық көрді.

Абай мұрасы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылық. Ақын шығармаларына әлем елдері ерекше ден қойып келеді. Соның бір мысалы Абайдың норвег тілінде сөйлегені.

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов тұсаукесер рәсімінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ақынға берген бағасын атап өтті.

ҚР Президенті Абай мұрасына ұлтымыздың бірлігі мен өркендеуіне жол ашатын құнды байлық ретінде жүгінуге шақырады. Біз Абай шығармаларының норвег тілінде жарық көруін Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығына арнаймыз,

деді Еркін Ахинжанов.

Кітапты аударған тәжік-норвег жазушысы және әдебиеттанушы Лютфия Бобоёрова. Оны "Sirkel Forlag" баспасы шығарған. Алғысөз жазған бас редактор, әдебиетттанушы ғалым Осхильд Кюлос.

Абайдың "Қара сөздері" әлемдік әдебиеттің маңызды бөлігі. Ақын шығармаларын аудару — Қазақстанды Норвегияға таныстырудың бірегей мүмкіндігі,

дейді О.Кюлос.

Абай шығармасы Норвегиядағы кітапханаларға, дүкендерге және цифрлік платформаларда таратылды. Аудио нұсқасы да көпшілікке ұсынылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров