ОАР-дың бұрынғы президенті 15 айға сотталды

Болат МӘЖИТ

©Reuters/POOL

Оңтүстік Африка Республикасының экс-президенті Джейкоб Зума 15 айға сотталды, деп хабарлайды ЭК.

Reuters агенттігінің жазуынша, Джейкоб Зума жыл басында жемқорлыққа қатысты іс бойынша сотқа шақырылған. Алайда ол сот отырысына келмеген. Осы қылығы үшін 15 айға сотталып отыр.

Джейкоб Зума 2018 жылы коррупцияға қатысты жанжалдан соң отставкаға кеткен. Осы уақытқа дейін оған 800-ге тарта қылмыстық іске қатысы бар, жалпы құны 2 млрд доллардан асатын қару саудасында қаржының ізін жасырды деген айыптар тағылды. Сондай-ақ, экс-президенттің жақтастары тарапынан сотқа қысым жасалып келгендігі де айтылады.

Бірақ Джейкоб Зума өзіне тағылған айыптарды мойындамай, аталған қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.Ол мемлекет басшысы ретінде республиканы 2009 жылдан 2018 жылға дейін басқарған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров