Эстонияда ыстықтың салдарынан 100 мың вакцина жарамай қалды

Болат МӘЖИТ

©Reuters/Athit PERAWONGMETHA

Эстонияда дәрі-дәрмек сақтайтын қоймада суыту қондырғысы істен шығып, ыстықтың салдарынан короновирусқа қарсы егілетін 100 мың вакцина бүлінді, деп хабарлайды ЭК Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік істер жөніндегі министр Танел Кийктің мәлімдеуінше, 3 млн евро тұратын мыңдаған вакцина мен дәрі-дәрмектер жарамсыз болып қалған. Соның ішінде басқа елдерге көмек ретінде жіберілетін AstraZeneka вакцинасының 68 мың данасы да бұзылған.

Министрдің айтуынша, суыту жүйесі 22 маусымда істен шығыпты. Қойма ішіндегі температура 8-ден 15 градусқа көтеріліп, қалыпты мөлшерден асып кеткен. Дабыл нүктесі дер кезінде белгі бермегендіктен қондырғының бұзылғаны үш күннен кейін анықталады. Бүлінген заттар дәрі-дәрмек қорының жартысына жуығын қамтиды.

Бұл қасақана жасалған әрекет екеніне биліктегілер күмән келтіріп отыр. Алайда жіберілген кемшіліктер жауапты адамдардың мойнына жүктелетіні анық.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров