Ағылшындар немістерді "Уэмблиде" алғаш рет жеңді

Бек ТӨЛЕУОВ

©Reuters/Catherine IVILL

Футболдан Еуро-2020 чемпионатының 1/8 финалында Англия құрамасы Германияны жеңді деп, хабарлайды ЭК.

Бұл ойын Лондондағы "Уэмблиде" өтті. Екі құрама дәл осы стадионда 6 рет кездескен. Сол 6 ойынның бесеуінде немістер жеңсе, бір кездесу тең аяқталған. Гарет Саутгейт шәкірттері осы алаңда алғаш рет қарсыласынан басым түсті. Енді олар Швеция-Украина арасындағы ойынның жеңімпазымен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Матчтың бірінші таймы 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал ойынның негізгі уақытының аяқталуына 15 минут қалғанда Рахим Стерлинг Англияны алға шығарды. Арада 5 минут өткенде Харри Кейн есепті 2:0-ге жеткізді.

©Reuters/Frank AUGSTEIN©Reuters/Frank AUGSTEIN
©Reuters/Frank AUGSTEIN

Осылайша, Англия ширек финалға жолдама алды. Бұл екі құрама жалпы өзара 17 ойын өткізген. Жеті ойында ағылшындар жеңіске жеткен. Немістердің де жеңісінің саны сондай. Үш матч тең аяқталған.

©Reuters/Carl RECINE©Reuters/Carl RECINE
©Reuters/Carl RECINE

Енді Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де Швеция мен Украина кездеседі. Бұл 1/8 финалдың соңғы ойыны. Осы жұптың жеңімпазы Англиямен кездеседі. Ол ойын 3 шілде күні Римде өтеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров