Украина құрамасы Швецияны жеңді

Болат МӘЖИТ

©Reuters/Robert PERRY

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Украина құрамасы Швецияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды ЭК.

Шотландияның Глазго қаласындағы "Хэмпден Парк" стадионында өткен матчтың бірінші таймы тартысты басталды. Екі команда да шабуылды үдете түсті. Ойынның 27-ші минутында Украина құрамасының шабуылшысы Александр Зинченко Ярмоленконың берген пасын сәтті пайдаланды. Оның бағыттаған добы шведтердің қақпасына дөп тиді. Сөйтіп есеп 1:0 болды.

Алайда бұл гол шведтердің сағын сындыра алмады. Олар одан сайын күшейе түсті. Қарсыластарының қақпасына бірнеше мәрте соққы бағыттады. Ойынның 43-минутында Швеция құрамасының футболшысы Эмиль Форсбергтің соққан голы таразы басын теңестірді. Матчтың бірінші таймы 1:1 есебімен тең аяқталды.

©Reuters/Paul ELLIS©Reuters/Paul ELLIS
©Reuters/Paul ELLIS

Ойынның екінші кезеңінде шведтер белсенділік танытты. Украина құрамасы да қарап қалған жоқ. Бірақ бір-бірінің қақпасына бағыттаған доптары нәтиже бермеді. Екінші таймда есеп ашылмады.

30 минуттық эксра таймның алғашқы минутында швед футболшысы Маркус Даниелсон украиналық Артем Бесенинді аяғымен шалып, қатты жарақаттады. Даниелсон қызыл қағаз алып ойын алаңынан шығарылды. Ауыр соққыдан кейін Бесенин ойынды жалғастыра алмады. Қайта-қайта төрешінің ысқырығы естіліп, футболшылар ойын алаңында жиі тәртіп бұзып жатты. Ойынның соңғы минутында Зинченконың берген пасын қағып алған Артем Довбик есеп ашты. Украина құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

©Reuters/Paul ELLIS©Reuters/Paul ELLIS
©Reuters/Paul ELLIS

Енді Украина құрамасы 3 шілде күні Агнлиямен кездеседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров