Ойыншықтардың жартысынан астамы талапқа сай емес


Pixabay
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнім қауіпсіздігіне мониторинг жасап, зиянды ойыншықтарды анықтады.
Тексерілген ойыншықтардың 57,7%-і "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" методикалық регламент талаптарына сай келмеген, деп хабарлайды ЭК, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің ресми парақшасына сілтеме жасап.
Соңғы бес айыда республика бойынша ойыншықтардың 900 үлгісі зерттеліп, олардың 519-ы талапқа сай келмеген. Мұндай ойыншықтардың 0,4%-і Қазақстанда, 8,5% -ы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде және 91%-і өзге елдерде өндірілген.
Ойыншықтардың 91%-і тауарды таңбалау шарттарына қайшы, 5,4%-і токсикологиялық-гигиеналық талапқа сай келмейді. Тексеру нәтижесінде 20 кг ойыншық жойылып, 176 кәсіпкерлік нысанына ескерту жасалды.