БҚО-да дауылдан бірнеше әлеуметтік нысанға залал келді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ТЖД

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында қатты жел тұрып, үш ғимараттың шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ЭК.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 маусымда кешкісін Жаңақала және Казталов аудандарында болған. Желдің екпіні секундына 19 метрге дейін жеткен. Күшті жел Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында ауданы 215 шаршы метр қос қабатты мұражайдың шатырын ұшырған. Бұл ғимарат 1982 жылы салыныпты. 2015 жылы соңғы жөндеу жасалған.

ТЖДТЖД
ТЖД

Сондай-ақ, Казталов ауданы Талдыапан ауылында 1982 жылы салынған 2 қабатты мектеп ғимаратының 600 шаршы метрлік шатыры да құлады. Бұл ғимаратқа 2010 жылы соңғы рет жөндеу жүргізілген екен. Оған қоса осы ауылда қос қабатты "Балбөбек" балабақшаның шифері де желдің екпініне шыдамады. Жалпы ауданы 729 шаршы метр балабақша 1986 жылы бой көтеріп, 2005 жылы жөнделген.

ТЖДТЖД
ТЖД

Бұл табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров